2015 жылғы 28 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 қыркүйектегі №797 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі №926 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 444-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі №926 және 2004 жылғы 26 қарашадағы №1237 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы №801 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №32, 430-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі №926 және 2005 жылғы 11 шілдедегі №718 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 1 тамыздағы №800 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі №396 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №22, 209-құжат).
4. «Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1769 қаулысы.